Farabi University

Қазақстан–Америкалық цитоматрицаны зерттеу орталығы

Қазақстан–Америкалық цитоматрицаны зерттеу орталығы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) — АҚШ-тағы доктор Шайкен Таттымның ғылыми орталығымен «айна зертхана» қағидаты бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуге және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға арналған ғылыми-білім беру алаңы. Орталықтың негізгі бағыты — цитоматрицаның қасиеттері мен сипаттамаларын, сондай-ақ қатерлі жасушалардың биологиясын зерттеу арқылы ісіктік ауруларға қарсы инновациялық тәсілдерге ғылыми негіз қалыптастыру. Орталықта студенттер, магистранттар және докторанттар теориямен қатар практикалық дағдыларды меңгереді. Орталықтың ресми ашылуы 2025 жылғы 27 қарашада ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультеті базасында өтті.

Курманбаева Меруерт Сакеновна - Биология ғылымдарының докторы, профессор