«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің консультативтiк-атқарушы органы болып табылады.
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі кадрларды даярлаудың 9 бағытына жетекшелік етеді:
- 022 - Гуманитарлық ғылымдар
- 023 - Тілдер және әдебиет (Филология, Әдебиет, Лингвистика)
- 031 - Әлеуметтік ғылымдар
- 041 - Бизнес және басқару (Менеджмент)
- 051 - Биологиялық және сабақтас ғылымдар
- 052 - Қоршаған орта
- 053 - Физикалық және химиялық ғылымдар
- 054 - Математика және статистика
- 071 - Инженерлік және инженерлік іс (Материалтану және технологиялар, Наноматериалдар және нанотехнология (физика, химия))
ОӘБ негiзгi мiндеттерi:
- Әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiнде оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға бағытталған Қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудi дамыту стратегиясын қалыптастыруға қатысу;
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарын, үлгiлiк оқу бағдарламаларының жобаларын және ғылым мен жоғары бiлiм беру саласындағы басқа да нормативтiк-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгi бiлiм беру ұйымдарының, жұмыс берушiлер қауымдастықтарының және өзге де мүдделi органдардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлім берудiң сапасын қамтамасыз ету және мазмұнын жетiлдiру мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл алаңын құру.
ОӘБ қызметiнiң бағыттары:
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру сапасын қамтамасыз етудiң сыртқы және iшкi жуйелерiн жетiлдiру мақсатында ЖЖОКБҰ, жұмыс берушiлер қауымдастықтары мен өзге де мүдделі органдар өкiлдерiнiң өзара iс-қимылын жүзеге асыру;
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнiң : мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын жетiлдiру жөнінде ұсынымдар дайындау;
- Салалық мемлекеттiк органдармен бiрлесiп кәсiптiк стандарттарды әзірлеуге және өзектендіруге қатысу;
- Ұлттық бiлiктiлiк шеңберiне, салалық бiлiктiлiк шеңберлерiне және кәсiптiк стандарттарға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiмi бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқыту нәтижелерiн қалыптастыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
- Еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, бiлім беру бағдарламаларының мазмұнын өзектендiру және үздiксiз бiлiм беру бағдарламаларын дамыту жөнiнде ұсынымдар дайындау;
- Оқытудың инновациялық әдicтepi мен технологияларын енгiзу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
- Жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудi дамыту мәселелерi бойынша құжаттардың жобаларын дайындауға және сараптауға қатысу;
- ЖЖОКБҰ профессорлар-оқытушылар құрамының бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын iске асыруға қатысу;
- Fылым және жоғары бiлiм саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
- «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында iске асыратын бiлiм беру бағдарламаларының тізiмiн жургiзу қағидалары, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларының тiзiмiне енгiзу мен одан алып тастау негiздерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрiнiң 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығына сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiмiнде №30139 болып тiркелген) ЖЖОКБҰ-ның бiлiм беру бағдарламаларына iске асырудың пайдалану параметрлерiн (кадрлық, әдiстемелiк, материалдық-техникалық қамтамасыз ету) ескере отырып мониторинг жургiзу. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында iске асырылатын бiлiм беру бағдарламаларының тiзiмiне бiлiм беру бағдарламаларын енгiзу және одан алып тастау бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
- Кадрларды даярлау бағыттары бойынша РОӘК грифімен оқу басылымдарының тақырыптық жоспарларын қалыптастыру;
- РОӘК грифiн беруге ұсынылған оқу басылымдарына сараптама, рецензия жүргізу;
- ЖЖОКБҰ-ның оқу процесiнде оларды жариялау және пайдалану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу үшiн жаппай онлайн ашық курстарға сараптама жүргізу;
- Ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң , талапкерлердi кешендi тестiлеудiң бейiндiк пәндерiн айқындау жөнiнде ұсынымдар қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасы ЖЖОКБҰ-да инклюзивті ортаны қалыптастыру бойынша ұсынымдар дайындау;
- Бiлiм беру процесiнiң сапасын қамтамасыз етудiң ішкi және сыртқы жүйесiн құру бойынша халықаралық тәжiрибеге талдау жүргiзу және жалпылау;
- Оқу-әдiстемелiк семинарлар, тренингтер, вебинарлар, мастер-кластар, конференциялар өткiзу.
ОӘБ ғалым хатшысы: ф.ғ.д., профессор Сырғақбаева Ақмарал Сәлімжанқызы
Қызметкерлер: Бодықбаева Мөлдір Қабденқызы
Гунина Екатерина Евгеньевна
Контакты: +7 (727) 377-33-33 (ішкі: 11-52, 11-90), e-mail: umokaznu@gmail.com