- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ №4: Театрдағы тағылымды кеш: «Ұлпан» қойылымы студенттердің рухани дүниесін тереңдете түсті
ТДМ №4: Театрдағы тағылымды кеш: «Ұлпан» қойылымы студенттердің рухани дүниесін тереңдете түсті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика, Медицина және денсаулықты сақтау факультетінің студенттері мен оқытушылары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, көрермен жүрегіне жол тапқан «Ұлпан» қойылымын тамашалады. Бұл іс-шара студенттердің рухани дүниесін байытуға, мәдени-эстетикалық талғамын қалыптастыруға және өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Театр сахнасындағы қойылым көрермендерді терең ойға жетеледі. Ұлпан бейнесіндегі батылдық, әділеттілік, адамгершілік және қоғамға деген жауапкершілік студенттерге ерекше әсер қалдырды. Актерлердің шынайы ойыны, кейіпкерлер арасындағы шиеленістер мен режиссерлік шешімдер көрермендерді әр сәтте қуантып, ойландырды.
Көрсетілімнен кейін студенттер қойылымда көтерілген тақырыптарды талқылап, өз өмірімен байланыстырып ой бөлісті. Олар батылдық пен әділеттілікті бағалау, дұрыс шешім қабылдау және адамгершілік құндылықтарды сақтау сияқты мәселелерге терең мән берді. Студенттердің пікірінше, «Ұлпан» тек сахналық көрініс емес, адамға өзіне және қоршаған ортасына қайта үңілетін, өмірлік сабақ беретін туынды болды.
Сапар барысында студенттер актерлермен естелік суретке түсіп, сахна өнеріне деген қызығушылықтарын арттырды. Мұндай мәдени шаралар жастардың ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, рухани дамуына оң әсерін тигізеді.
Университет алдағы уақытта да осындай театр және мәдени бағыттағы іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыруды жалғастыруды жоспарлап отыр.


