ТДМ-16: ҚБТУ оқу орнында «Psycho Express 2025» психологиялық іс-шарасы өттіFarabi University

ТДМ-16: ҚБТУ оқу орнында «Psycho Express 2025» психологиялық іс-шарасы өтті

13 қараша, 2025

Алматы қаласындағы ҚБТУ университетінде психологтарға арналған Psycho Express KBTU 2025 атты кәсіби іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттерге жылдам психологиялық көмек көрсету, психологтар арасындағы тәжірибе алмасу және кәсіби қоғамдастықты нығайту болды.

Psycho Express сессиясы аясында КБТУ студенттеріне қысқа форматта психологиялық қолдау көрсеттім.
Консультациялар барысында:

  • студенттердің эмоционалдық жағдайын бағалау,

  • стрессті басқару бойынша ұсыныстар беру,

  • мотивацияны арттыруға бағытталған жұмыс,

  • оқу және жеке өмірдегі қиындықтарды жеңілдетуге арналған кеңестер
    жүргізілді.

Лекция барысында заманауи психологиялық тәсілдер, білім беру мекемелеріндегі жаңа модельдер, студенттердің менталды саулығына бағытталған трендтер мен интервенция түрлері талқыланды.

Psycho Express KBTU 2025 шарасы кәсіби дағдыларды дамытуға, әріптестермен тәжірибе алмасуға және жастарға көрсетілетін психологиялық көмектің сапасын арттыруға үлкен үлес қосты. Менің бұл іс-шараға қатысуым университет деңгейінде де, жеке кәсіби дамуымда да маңызды нәтиже берді.