Студенттік заң клиникасы аясында экологиялық мәдениет мәселелері талқыландыFarabi University

Студенттік заң клиникасы аясында экологиялық мәдениет мәселелері талқыланды

10 қараша, 2025

          2025 жылғы 10 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы студенттік заң клиникасы аясында экологиялық мәдениетті насихаттауға арналған тақырыптық талқылау ұйымдастырды.

     Іс-шараның мақсаты – болашақ заңгерлердің экологиялық құқық саласындағы білімін кеңейту, жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету болды.

        Талқылауға кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Қуаналиева Г.А., кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, PhD Рашева Г.К., оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Есекеева А.А., сондай-ақ кафедраның оқытушылары мен студенттері қатысты.

           Шара барысында экологиялық мәдениетті қалыптастырудың құқықтық тетіктері, экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы шаралар, жастардың қоғамдағы экосананы дамытудағы рөлі талқыланды. Қатысушылар экологиялық ағарту жұмысын студенттік заң клиникасының қызметімен ұштастырудың маңыздылығын атап өтті.