ҚазҰУ студенті семсерлесуден күміс жүлде алды
21 қараша, 2025
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің 3-курс студенті Наргиз Сайдуллаева Ташкентте өткен семсерлесу бойынша Әлем кубогында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ел намысын абыроймен қорғады.

Команда жоғары шеберлігін көрсетіп, 2-орын – күміс жүлдені иеленді.
Бұл – Наргиздің жаңа оқы жылынан бергі екінші күміс жүлдесі.

26 қазанда ол Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен Азия чемпионатында да 2-орынды жеңіп алған болатын.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
21 қараша, 2025
21 қараша, 2025