ҚазҰУ студенті семсерлесуден күміс жүлде алдыFarabi University

ҚазҰУ студенті семсерлесуден күміс жүлде алды

21 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің 3-курс студенті Наргиз Сайдуллаева Ташкентте өткен семсерлесу бойынша Әлем кубогында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ел намысын абыроймен қорғады.

Команда жоғары шеберлігін көрсетіп, 2-орын – күміс жүлдені иеленді.

Бұл – Наргиздің жаңа оқы жылынан бергі екінші күміс жүлдесі.


26 қазанда ол Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен Азия чемпионатында да 2-орынды жеңіп алған болатын.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі