ТДМ 5: Гендерлік теңдікFarabi University

ТДМ 5: Гендерлік теңдік

16 қараша, 2025

2025 жылдың 16 қарашасында биология факультетінде аға оқытушылар Базарбаева А.С. және Баркибаева Р.Р. ТДМ 5 «Гендерлік теңдік» тақырыбында талқылау ұйымдастырды. Іс-шараға Ғылыми биология 10-топ және Биотехнология 9-топ студенттері қатысты.

Талқылаудың мақсаты – Қазақстандағы гендерлік теңдіктің жағдайын анықтау және оны Орталық Азия елдеріндегі әйелдердің жағдайымен салыстыру. Топтар Орталық Азияның бірнеше елі – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан бойынша презентациялар дайындады.

Әртүрлі елдердегі гендерлік мәселелерге арналған студенттердің баяндамалары өте белсенді әрі қызықты өтті. Топтар Қазақстандағы әйелдердің жағдайын басқа елдермен салыстыра отырып, өз білімдерін кеңейтті. Кейін студенттерге «Гендерлік теңдік – миф пе, әлде шындық па?» деген тақырыпта аргументтелген ауызша пікір айту ұсынылды. Студенттердің жауаптары бұл мәселенің қоғамда өте өзекті екенін көрсетті, талқылау шынайы әрі мазмұнды өтті, түрлі көзқарастар ұсынылды.

Талқылау барысында Қазақстанға көршілес республикаларда гендерлік теңдік мәселесін шешу тәсілдері әртүрлі екені атап өтілді. Дегенмен статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Орталық Азияның барлық республикаларында бұл мәселенің шешімі біртіндеп табылып келеді.