Әскери кафедра патриоттық дәріс өткізді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әскери кафедрасының студенттері Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №155 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына алдағы мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік жолы» атты дәріс өткізді.

Дәріс барысында оқушыларға Қазақ хандығы кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихын қамтыған интерактивті презентациялар ұсынылды. Лекторийдің маңызды бөлімі Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесіне және тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ұлттық армияны қалыптастырудағы рөліне арналды.

Шара аясындағы викторина байқауына мектеп оқушылары зор қызығушылықпен қатысып, еліміздің тарихына қатысты білімдерін сынап көрді.

Шара соңында мектеп директоры Нияра Надырова өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан үлесі мен нәтижелі ынтымақтастығы үшін ҚазҰУ-дың Әскери кафедра ұжымына шынайы алғыс айтты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспаөз қызметі
Басқа жаңалықтар