«Асыл сөз іздесең, Абайды оқы!»Farabi University

«Асыл сөз іздесең, Абайды оқы!»

27 қараша, 2025

Тұрақты даму мақ­сат­та­рының төртінші – сапалы білім беру бағыты аясында «Асыл сөз іздесең, Абайды оқы!» деген тақырыппен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шара өтті.

Дөңгелек үстелге универ­си­тет студенттері, сондай-ақ Түр­кия, Қытай, Түрікменстан, Моң­ғолия, Тәжікстан елдерінен келіп білім алып жатқан шетелдік студенттер де қатысты. Іс-ша­ра­ның бір ерекшелігі – Абай Құнанбайұлының рухани еңбегі студенттерге жасанды интел­лек­тінің көмегімен көрсетілгені. Шетелдік студенттер, оның ішін­де Түркиядан Атеш Мюджахит, Аман­тур Асыл, Муниса Муха­ме­дова, Ибадзод Хабиб, ал Қытай елінен Ли Цзюньлян, Хуан Боян, Жақсыбек Алқар, Моңғолиядан Уатхан Музафар, Ерболат Сая­жан, Зейнеп Әзімбай, Тәжік­стан­нан Абдурахмон Умронов, Му­хаммадджон Умронов Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін өз тілдерінде жатқа айтып, іс-ша­ра­ның маңыздылығын арт­тыр­ды.

Бұл іс-шараны өткізудегі мақ­сат – халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақ арасында жас­тар­дың Абай мұрасына қызы­ғу­шылығын арттыру, оқып-білуге, тани түсуге ынталандыру. Абай атамыздың қалдырған асыл мұрасын әр студенттің ой-сана­сы­на жеткізу, білім алушылардың ойлау қабілетін дамыту және интеллектуалдық дағдыларды қалыптастыру. Абай шығар­ма­лары арқылы білім алушыларды отансүйгіштікке, ұлтжанды­лық­қа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Іс-шара барысында сту­дент­тер Абай шығармаларын оқу арқылы рухани және моральдық құндылықтарды талқылап, қа­зіргі қоғамда қолдану жол­да­рын ұсынды. Қазақстандық және шетелдік студенттер арасында қызықты пікір алмасу мен сұхбат түзіліп, қатысушылар өз ел­де­рін­дегі әдеби және филосо­фия­лық дәстүрлермен салыс­тыр­ма­лы талдау жасады. Әсіресе Абай­дың адамгершілік, білімге құштарлық, еңбекқорлық және әділеттілік тақырыптары ерекше талқыланды.

Іс-шара соңында заң факуль­тетінің студенттері мазмұнды баяндамаларымен қатар, ұлт­тық өнерді паш етіп, домбырада күй тартып, ән орындады. «Жел­сіз түнде жарық ай» әніне би билеп, ақынның қара сөздері мен өлеңдерін оқыды. Сөйтіп, шетелдік студенттер тек ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мұ­ра­сымен таныспай, қазақтың ұлттық өнеріне тәнті болды. Осындай іс-шаралар жастардың қоғамға деген жауапкершілігін арттырып, шетелдік студент­тер­мен ынтымақтастықта өмір сүріп, азаматтық ұстаным тұр­ғысында тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.

 

Қарлығаш АЙСҰЛТАНОВА,

филология факультеті Шетел тілдері кафедрасының

ассистент-профессоры