Перспективті жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсыFarabi University

Перспективті жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсы

27 қараша, 2025

2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Технологияларды коммерцияландыру және креативті индустриялар орталығы (бұдан әрі – Коммерцияландыру орталығы) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің атынан «Ғылым қоры» АҚ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективті жобаларын 2026-2028 жылдары гранттық қаржыландыру конкурсын жариялағанын хабарлайды!

Конкурс құжаттамасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/science?lang=ru

 «Ғылым қоры» АҚ сайтында https://science-fund.kz/ және «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» АҚ сайтында https://www.ncste.kz/ru/competition орналастырылған.

Өтінімдер қабылдаудың басталуы: 2025 жылғы 10 желтоқсан

Өтінімдер қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 10 қаңтар

Конкурстық өтінімдер сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ААЖ) арқылы www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша жоба тобы мүшелерінің, жоба тобы жетекшісінің және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде қабылданады.

 

Осыған байланысты барлық факультет декандарын, ҒЗИ директорларын, сондай-ақ университеттің бүкіл ғылыми қауымдастығын алдағы конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қалыптастыру процедурасын бастауды және ғылыми жетекшілері көрсетілген өтінімдер тізімін 2025 жылдың 5 желтоқсанына дейін Коммерцияландыру офисіне ұсынуды сұраймыз.

Сонымен қатар Коммерцияландыру орталығы конкурстық өтінімді дайындау барысында және университет қаражаты есебінен бірлесіп қаржыландыруды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсететінін ескертеміз.

Коммерцияландыру орталығының ішкі телефоны: (19-52)

 

 «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Технологияларды коммерцияландыру және креативті индустриялар орталығы