Перспективті жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсыFarabi University

Перспективті жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсы

27 қараша, 2025

2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУДЫҢ ЖОБАЛАРЫН ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ Технологияларды коммерцияландыру және креативті индустриялар орталығы (бұдан әрі – Коммерцияландыру орталығы) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің атынан «Ғылым қоры» АҚ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын 2026–2028 жылдары гранттық қаржыландыру конкурсын жариялағанын хабарлайды!

Конкурс құжаттамасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/science?lang=ru

 «Ғылым қоры» АҚ сайтында https://science-fund.kz/ және «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» АҚ сайтында https://www.ncste.kz/ru/competition орналастырылған.

Өтінімдер қабылдаудың басталуы: 2025 жылғы 10 желтоқсан!

Өтінімдер қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 10 қаңтар!

Конкурстық өтінімдер сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ААЖ) арқылы www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша жоба тобы мүшелерінің, жоба тобы жетекшісінің және Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде қабылданады.

 

Осыған байланысты барлық факультет декандарын, ҒЗИ директорларын, сондай-ақ Университеттің бүкіл ғылыми қауымдастығын алдағы конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қалыптастыру процедурасын бастауды және ғылыми жетекшілері көрсетілген өтінімдер тізімін 2025 жылдың 05 желтоқсанына дейін Коммерцияландыру офисіне ұсынуды сұраймыз.

Сонымен қатар, Коммерцияландыру орталығы конкурстық өтінімді дайындау барысында Сіздерге жан-жақты қолдау көрсететінін ескертеміз.

Коммерцияландыру орталығының ішкі телефоны: (19-52)

 

Құрметпен,

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ

Технологияларды коммерцияландыру

және креативті индустриялар

орталығы