Farabi University

ҚазҰУ-да АҚШ ғалымы көшбасшылық дәріс оқиды

28 қараша

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы Peri-Nuc Labs компаниясының негізін қалаушы және бас директоры, белгілі профессор, ғалым Шайкен Тәттім «Қатерлі ісіктің табиғаты және онкологиялық аурулармен күрес жолдары» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқиды.

Дәріс 28 қараша күні сағат 12:00-де ҚазҰУ бас ғимаратының 15-ші қабатында өтеді.

Шайкен Тәттім – ҚазҰУ биология факультетінің 1979 жылғы түлегі.  Бүгінде жасуша биологиясы саласындағы әлемдік деңгейдегі жетекші ғалымдардың бірі.

Шайкен Тәттім негізін қалаған ғылыми зертхана қатерлі ісік пен жасуша биологиясын зерттеуде инновациялық тәсілдер әзірледі. Ғалымдар цитоматрицаны – цитоплазманың дербес бөлінбеген серпімді қатты фазасын алғаш рет бөліп, сипаттады. Цитоматрицаны терең түсіну қатерлі ісікпен күресте маңызды.

Профессор Шайкен Тәттімнің жетекшілігімен жасуша іздерін алу үшін мұздатылған ісік үлгілерінен қатерлі жасушаларды тиімді бөліп алудың жылдам және сезімтал технологиясы, сонымен қатар химиялық қосылыстарды жоғары өнімділікпен скринингтеу әдісі жасалды. Аталған технологиялар қатерлі ісік жасушаларының иммуногенетикалық қасиеттерін анықтауға, ісікке қарсы антиденелердің аффиндігін тексеруге, болашақта тиімді болуы мүмкін бірқатар дәрілік препараттарды скринингтеуге мүмкіндік береді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Басқа хабарландырулар

28 наурыз

Хабарландыру!

Құрметті халықаралық «Әл-Фараби 2026» олимпиадасының 3-турына қатысушы талапкерлер!

26 наурыз

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік оқытушысы» байқауы басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» байқауының басталғанын хабарлайды.