ТДМ №4 «Отбасылық құңдылықтар» атты семинар-тренинг
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Психологиялық қолдау қызметі және «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы ТДМ-4 «Сапалы білім беру» аясында ҚазҰУ студенттеріне арналған «Отбасылық құндылықтар» атты семинар-тренинг өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастарға отбасылық құндылықтардың мәнін түсіндіру, жауапкершілікті қарым-қатынас орнатуға баулу және студенттердің саналы, үйлесімді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру.
Отбасылық құндылықтар — бұл отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрметі, сүйіспеншілігі, өзара түсіністігі мен қолдауы, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы жылы байланыс, үй ішіндегі тұрақтылық, мейірім, жауапкершілік және тәрбиелік негіздерден туындайтын рухани-адамгершілік нормалар жиынтығы. Олар адамның тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы орнын табуына және эмоционалды саулығына тікелей әсер етеді.
Семинар-тренинг барысында спикерлер қатысушыларға отбасындағы өзара қарым-қатынасты жақсарту тәсілдері, дағдарыс жағдайларын дұрыс шешу жолдары және қауіпсіз, қолайлы отбасылық атмосфера құрудың маңызы туралы маңызды ақпараттар мен практикалық жаттығулар ұсынды.
Шараға белсенді қатысқан студенттер өз пікірлерін ортаға салып, отбасы түсінігі туралы ойларымен бөлісті. Олар үшін отбасы – сенім, қолдау, мейірім, жауапкершілік, бірлік, тәрбиенің бастауы екендігі туралы айтты. Сонымен қатар, студенттер қазіргі жастар үшін отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамыту маңызды екенін, бұл адамның болашақтағы кәсіби, әлеуметтік және жеке өміріне үлкен әсер ететінін атап өтті.
Семинар-тренинг студенттердің көңіл-күйіне оң ықпал етіп, қатысушыларға өз отбасына деген көзқарасты жаңаша бағамдауға және құндылықтарды күнделікті өмірде қолдануға мотивация берді.


