- Басты бет
- Инклюзивті орта
- ТДМ №4, 10,17: Инклюзивті білім беруді жетілдіруге бағытталған стратегиялық әріптестік
ТДМ №4, 10,17: Инклюзивті білім беруді жетілдіруге бағытталған стратегиялық әріптестік
Сәтбаев Университетінде Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының инклюзивті білім беру саласындағы ынтымақтастығын арттыруға бағытталған маңызды кездесу өтті. Кездесу барысында Сәтбаев университетінің «Қолдау орталығы» өкілдері мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығының директоры инклюзивті білім беруді дамыту мәселелері бойынша пікір алмасып, ортақ бағыттарды талқылады.
Жиынның басты мақсаты — жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасу, инклюзивті білім беру үдерісін жетілдіру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге қолдау көрсетудің тиімді механизмдерін қалыптастыру және бірлескен жобаларды дамыту.
Кездесу барысында тараптар университеттердегі инклюзивті ортаның қазіргі жағдайын талдап, психологиялық қолдау, оқу процесін бейімдеу, қолжетімді инфрақұрылым және мамандар даярлау сияқты маңызды мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, алдағы уақытта жоғары оқу орындары арасында бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын, тренингтер мен семинарларды ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Тараптар инклюзияны дамытуда университеттердің бір-бірімен тығыз байланыста болуы сапалы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап, ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға өзара қызығушылық білдірді. Кездесу достық және іскерлік атмосферада өтіп, тараптар болашақ ортақ бастамаларға қатысты бірқатар ұсыныстармен бөлісті.
Бұл диалог инклюзивті білім берудің ұлттық деңгейде дамуына серпін беретін маңызды қадамдардың бірі болды.

.jpeg)
