Екі ел қарым-қатынасына жаңа серпінFarabi University

Екі ел қарым-қатынасына жаңа серпін

19 қараша, 2025

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге мемлекеттік сапармен барды. Президентіміздің мемлекеттік сапарының мәртебесі жоғары, салмағы басым болды. Себебі Мәскеуде екі ел басшылары қос тарап арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты бағыттарын талқылау мақсатында кездесіп, қос ел үшін маңызды бірқатар құжатқа қол қойыл­ды. Бұл сапар екі ел арасындағы страте­гиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру тұрғысымен тарихи маңызға ие.

Отыз жылдан бері екі ел арасында экономикадан бастап, мәдени-гумани­тар­лық байланыстар және мемлекетаралық әріптестік қарқынды дамып келеді. Қазақстан мен Ресей ара­сын­дағы байланыс жоғары деңгейде. Бүгінде қос ел стратегиялық серіктестер ретінде танылып отыр. Ре­сей – ел экономикасына қар­жы құйған жетекші ин­вес­­торлардың бірі. Мы­са­лы, соңғы бір жылда Қа­зақ­станға тартылған ин­ве­с­ти­цияның көлемі 4 миллиард долларға жеткен. Қазақ­стан­да Ресей капиталы бар 20 мыңнан астам ком­пания табысты жұмыс істеп ке­ле­ді. Нәтижесінде елде мың­да­ған жұмыс орын­дары құ­рылып, эко­номикалық өсім­ге де тың серпін беріліп отыр.

Ресми деректерге кел­сек, шет мемлекеттерде 100 мыңға жуық қазақ­стан­дық студент білім алып жат­са, олардың 70 мыңға жуығы Ресейде білім алуда. Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазан сияқты ірі қала­лар­мен бірге, шекаралас аймақтарда да ресейлік оқу орындарын таңдайтын жас­тардың қатары көп екені белгілі. Оған қоса, елі­мізде Ресейдің үздік тех­никалық ЖОО-ларын ашу бойынша да келіссөздер жүргізілуде.

Кездесу барысындағы негізгі басты құжаттар Қа­зақстанда «Росатом» қа­ты­суымен алғашқы АЭС-ті са­лу, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізін кеңейту және «Солтүстік – Оңтүстік» бағытын дамыту жоспар­ла­нып отыр. Сондықтан Қ.То­қаев «Бұл құжат екі ел ара­сындағы сенімнің жоғары деңгейін растап, ынты­мақ­тас­тықтың жаңа дәуірін бас­тайды» деп атап көр­сетті.

Қос тарап экономикадан бөлек, мәдени-гума­ни­тар­лық байланыстарды ны­ғай­ту мәселелерін де егжей-тегжейлі талқылады.

Кездесу нәтижесі екі ел қарым-қатынасына жаңа серпін беретіні шүбәсіз. Се­бебі энергетика, газ және мұнай саласындағы жаңа келісімдер эконо­ми­каның қарқынды өсуіне пайдалы, екі ел арасындағы достық пен экономикалық тұрақтылықты нығайтатын маңызды қадам деп есеп­теймін.

Фатима ҚОЗЫБАҚОВА, 

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры