Үздік қызметкерлер марапатталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қызметкерлер арасында өткен «Өз кәсібінің үздігі – 2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, дәстүрлі түрде өткізілетін шара өз мәресіне жетіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік қызметкерлері анықталды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Еркін Дүйсенов жеңімпаздарды құттықтай отырып: «Бүгін біз өзінің еңбегімен, кәсібилігімен және іске деген адалдығымен университетіміздің дамуына баға жетпес үлес қосып жүрген жандарды құрметтейміз. Сіздердің жетістіктеріңіз – әріптестеріңіз үшін үлгі және жаңа жетістіктерге деген ынталандыру. Бұл марапат еңбектеріңізді мойындау ғана емес, сонымен бірге жаңа жетістіктерге жетуге ынталандыру болсын!» – деген тілегін жеткізді.

«Парасат» кәсіподағының төрағасы Талғат Мекебаев та үздік қызметкерлерді құттықтап, жемісті еңбек пен жоғары жауапкершілік үшін алғыс білдірді.

Салтанатты марапаттау рәсімі жеңімпаздар туралы бейнероликтер көрсетілімімен жалғасты.
Биыл марапатқа университеттің оқытушы-профессорлар құрамының 16 өкілі ие болды, олардың қатарында: Бағила Абдумәуленова (биология және биотехнология факультеті), Анар Сүлейменова (география және табиғатты пайдалану факультеті), Махаббат Әлмұханова (журналистика факультеті), Әлия Полатбекова (жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті), Аяулым Жақыпбекова (механика-математика факультеті), Мәдина Санатова (ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті), Райхан Нүсіпова (шығыстану факультеті), Дина Садықова (халықаралық қатынастар факультеті), Ескендір Әшімов (физика-техникалық факультеті), Альмира Құрбанова (химия және химиялық технология факультеті), Айкөркем Әділова (заң факультеті), Әйгерім Әлімқанова (тарих факультеті), Әсел Оңғарова (филология факультеті), Аяжан Сейітнұр (философия және саясаттану факультеті), Сәуле Томпақова (Экономика және бизнес жоғары мектебі), Дана Құлбек (медицина және денсаулық сақтау факультеті) бар.

Әрі қарай департамент қызметкерлері марапатталып, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Олар: Роман Ермаков (Ақпараттық технологиялар департаменті), Динара Мырзалиева (Академиялық мәселелер департаменті), Шерхан Әбше (Ақпарат және коммуникациялар департаменті), Света Амзеева, Сәуле Батырханова, Гүлшат Игенбаева (Өндірістік қамтамасыз ету департаменті), Мәдина Үмбет (Оқу процесін бақылау қызметі), Мейіргүл Шомаева (Фараби кітапханасы), Әсия Бекжанова (Ғылым және инновациялық қызмет департаменті).

Іс-шара АРТ-орталықтың белсенді студенттері дайындаған мерекелік концертке жалғасты.













Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар