Еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті логистерді даярлауFarabi University

Еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті логистерді даярлау

11 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 27-28 қарашасында «Бизнес-технологиялар» кафедрасының оқытушылары «Еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті логистерді даярлау» тақырыбында БҰҰ-ның ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» мақсатын іске асыру аясында тегін оқыту курсын өткізді. Бұл мақсатта көлік және логистика инфрақұрылым мен индустрияландырудың тұрақты дамуының маңызды артериясы ретінде қарастырылады.
Отандық «EXIM KZ» логистикалық компаниясының өкілдері – басшылығынан бастап менеджерлерге, маркетологтар мен логистерге дейін – іс-шараға белсенді қатысты. Олар курстың тақырыптарына жоғары қызығушылық танытып, кейстерді талдаудағы белсенділігімен және мазмұнды пікірталастармен ерекшеленді.
Жоғары оқу орнымен ынтымақтастық жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнату арқылы тиімді жүзеге асады: кәсіби цикл пәндерінің оқу жоспарлары мен бағдарламалары олардың сұранысына сай әзірленіп, өзектендіріліп отырады. Ал оқыту нәтижесі нақты құзыреттер жиынтығы айқындалған түлектің жан-жақты моделінде көрініс табады. Бағдарлама аясында тыңдаушылар жабдықтау тізбектерін басқарудың заманауи тәсілдерін, логистикалық үдерістердің цифрлық трансформациясын, тұрақты тәжірибелерді енгізу мен инфрақұрылым саласындағы инновациялық шешімдерді қолдануды меңгерді.
Осылайша, бизнестің тек академиялық білімі бар ғана емес, сонымен қатар тәжірибе арқылы – тағылымдамалар мен қолданбалы міндеттерді шешу барысында – шыңдалған құзыреттерге ие мамандарға деген өзекті қажеттілігі атап өтілді.
Ұйымдастырушылар: Ахметова З.Б., Бейсенова М.У., Кажмуратова А.К., Болтаева А.Ж., Каранова Ж.У.