ТДМ – 16: ALT University студенттеріне психологиялық қолдау көрсету форматы ретінде «Psycho Express»Farabi University

ТДМ – 16: ALT University студенттеріне психологиялық қолдау көрсету форматы ретінде «Psycho Express»

12 желтоқсан, 2025

ALT University-де студенттердің психоэмоционалдық әл-ауқатын қолдауға және эмоционалдық күйзелістің алдын алуға бағытталған «Psycho Express» психологиялық іс-шарасы өтті.

Іс-шара аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің психологтары ALT University студенттеріне психологиялық қолдау көрсетуге қатысты. «Psycho Express» форматы қатысушыларға қысқа уақыт ішінде кәсіби кеңес алуға, өзекті эмоционалдық және оқу барысындағы қиындықтарды талқылауға, сондай-ақ күйзелісті басқару және ішкі ресурсты сақтау бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік берді.

Жұмыс барысында мазасыздық, эмоционалдық тұрақтылық, мотивация және оқу жүктемесіне бейімделу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара студенттер арасында психологиялық денсаулыққа қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға және психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етті.

«Psycho Express» форматының жүзеге асырылуы университетаралық ынтымақтастықтың үлгісі болып, білім беру ортасында студент жастарды психологиялық қолдауға бағытталған бірлескен бастамалардың маңыздылығын көрсетті.