Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейі Сеул киберуниверситетінің өкілдерін қабылдады — КазНУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейі Сеул киберуниверситетінің өкілдерін қабылдады

29 декабря 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейі Сеул киберуниверситетінің өкілдерін қабылдады

Делегация құрамында Сеул киберуниверситетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Хо Мен және оқу ісі жөніндегі проректоры Чон Санвон болды.
Экскурсия барысында қонақтар ҚазҰУ аумағының тарихына, білім беру жүйесіне, сондай-ақ университетте білім алып жатқан студенттер санына қызығушылық танытты. Университеттің дамуы, академиялық ортасы мен инфрақұрылымы туралы ақпарат ұсынылды. Сапар іскерлік әрі мазмұнды жағдайда өтіп, халықаралық білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті