Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейі Сеул киберуниверситетінің өкілдерін қабылдадыFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейі Сеул киберуниверситетінің өкілдерін қабылдады

29 желтоқсан, 2025

Делегация құрамында Сеул киберуниверситетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Хо Мен және оқу ісі жөніндегі проректоры Чон Санвон болды.
Экскурсия барысында қонақтар ҚазҰУ аумағының тарихына, білім беру жүйесіне, сондай-ақ университетте білім алып жатқан студенттер санына қызығушылық танытты. Университеттің дамуы, академиялық ортасы мен инфрақұрылымы туралы ақпарат ұсынылды. Сапар іскерлік әрі мазмұнды жағдайда өтіп, халықаралық білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті