Онлайн-курстар білім берудің жаңа тәсілін қалыптастырадыFarabi University

Онлайн-курстар білім берудің жаңа тәсілін қалыптастырады

6 қаңтар, 2026

Соңғы жылдары массалық ашық онлайн-курс­тар (МООК) заманауи білім беру ортасының ажы­ра­мас бөлігіне айналды. Олар тыңдаушыларға ор­наласқан жеріне немесе дайындық деңгейіне қа­рамастан, сапалы білім алуға мүм­кіндік береді және уни­вер­си­теттерге ғылыми-әдістемелік тә­жірибесін кең ау­диториямен бөлісуге жол ашады. Икем­ді формат, дәрістер, интерактивті тапсыр­ма­лар мен ци­фр­лық технологиялардың үйлесімі МООК-тарды білім са­пасын арт­тыруға және оқу мүмкіндіктерін кеңей­туге бағытталған пәрменді құралға айналдырады. Бүгінде онлайн-курстар білім берудің жаңа тәсілін қа­лып­тас­тырып, оқу процесін қолжетімді, ыңғайлы етеді.

 ҚазҰУ-да «Ең танымал он­­лайн-курс», «Сыртқы тың­­­дау­шылардың ең көп саны бар онлайн-курс» және «Ең сұранысқа ие он­лайн-курс» номи­на­ция­ла­ры бойынша сараптау жүр­гі­зіліп, жеңім­паз­дар анық­талды.

Сертификаттарды та­быс­­тау рәсімі ҚазҰУ-дың ака­демиялық мәселелер жө­­ніндегі проректоры Али­на Галееваның қатысуымен өтті. Проректор өз сөзінде сапалы онлайн-курстар әзір­­­­­леу айтарлықтай ең­бек­ті, кәсібилікті және сту­дент­тердің білім алу қа­жет­ті­лік­терін терең тү­сі­нуді та­лап ететінін атап өтті. Ав­торлық топтардың ең­бе­гі цифрлық білім беру ор­та­сын дамы­ту­ға және тың­даушылардың за­манауи білім ресурс­та­ры­на қолже­тім­ділігін кеңейтуге зор үлес қосатынын айтты. Оқы­тушыларға онлайн-бі­лім беруді дамытуға қос­қан үлесі үшін алғыс біл­діріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

«Медико-биологиялық мақсаттағы полимерлер хи­миясы» атты МООК ав­тор­лары – Перизат Үркім­баева, Райхан Рах­метул­лае­ва, Әсел Тоқтабаева және За­рина Кеңесова «Ең та­ны­мал онлайн-курс» но­м­ина­ция­сының жеңім­паз­да­ры атан­ды.

Перизат Үркімбаеваның (курс жетекшісі) «Медико-био­логиялық мақсаттағы по­­лимерлер химиясы» пәні бо­йынша онлайн-курсы сту­дент­терге медици­на­лық жә­не биологиялық мақ­сат­тағы полимерлер ту­ралы терең және жүйе­ленген білім бе­ру­ге ар­налған. Курс поли­мер­­­лер­дің қасиеттерін, син­тез­деу әдістерін және оларды ме­дицина, био­тех­нология және фармацевтика са­ла­сын­да қолдану мүм­кін­дік­терін үйретеді.

Медико-биологиялық мақсаттағы полимерлер – бұл тірі ағзамен өзара әре­кеттесуге арналған ж­о­ғары молекулалық мате­риал­дар. Олар био­сәй­кес­тен­ді­рі­ле­тін импланттар, про­тездер, бел­­сенді зат­тардың бақы­лау­лы бөлінуі бар дәрілік жүйелер, сон­дай-ақ тіндік ин­женерия сияқты ме­ди­ци­на­лық са­ла­ларда қолда­ны­лады. Рай­хан Рахметул­лае­ва­ның ай­туынша, бұл пән бойын­ша онлайн-курстың құры­луы студенттерге ма­те­риал­ды ыңғайлы қар­қын­да оқуға, күрделі теориялық ұғымдар мен практикалық дағ­дыларды меңгеруге, әдіс­темелік материал­дар­ға қашықтан қол жеткізуге мүм­­­­кіндік береді.

Әсел Тоқтабаева: «Курс студенттердің заманауи по­ли­мерлік мате­риал­дар­мен жұмыс жасау, олардың био­сәй­кестігін және ме­дико-био­­логиялық тех­но­ло­гия­лар­да қолданылуын тү­сіну дағдыларын да­мы­туға, сон­дай-ақ ме­ди­ци­налық химия саласында зерт­­теу және жо­балық жұ­мыстарға да­йын­далуға септігін тигі­зеді», – десе, Зарина Кеңе­со­ва: «Курс­ты тек ҚазҰУ-дың химия және химиялық тех­нология фа­культетінің сту­денттері ға­на емес, со­ны­мен қатар Қа­зақстанның ба­с­қа да жо­ғары оқу орын­да­рының бі­лім алушылары және Өз­бек­станның Термез мем­­лекеттік универ­си­те­ті­нің химия факультетінің сту­дент­тері де оқыды. Бұл уни­верситеттің шетел­дер­де кең танылуына өз үлесін қо­са­ды», – деген ойымен бөлісті.

Осылайша курс тек ака­демиялық білімді ке­ңей­тумен шектелмей, бо­лашақ мамандарды еңбек на­ры­ғын­да және ғылыми салада бәсекеге қабі­лет­ті­лігін арт­тырады.

 Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ