ҚазҰУ ЖИ жобаларына басымдық бередіFarabi University

ҚазҰУ ЖИ жобаларына басымдық береді

9 қаңтар, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев білім беру саласындағы білікті сарапшы, EdCrunch Academy негізін қалаушы Нұрлан Қиясовпен кездесті.

Тараптар жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады. Атап айтқанда білім беру үдерісіне жасанды интеллектіні енгізу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар ҚазҰУ базасындағы суперкомпьютердің техникалық мүмкіндіктерін кеңейту, оны ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларда тиімді пайдалану бағыттары қарастырылды. Аталған бастамалар жасанды интеллект, үлкен деректерді өңдеу және жоғары өнімді есептеулер саласындағы зерттеулердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жансейіт Түймебаев құрметті қонаққа университеттік суперкомпьютердің мүмкіндіктерін таныстырып,  қай бағытта қолданылатынын түсіндірді.

Өз кезегінде Нұрлан Қиясов оқу ордасы зерттеушілерімен ІТ және ЖИ саласында ортақ жобаларды іске асыруға дайын екенін айтып, барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі