ТДМ - 4: «Студенттер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және өміршеңдікті дамыту» тақырыбында кураторлардың Қысқы мектебі өткізілдіFarabi University

ТДМ - 4: «Студенттер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және өміршеңдікті дамыту» тақырыбында кураторлардың Қысқы мектебі өткізілді

15 қаңтар, 2026

2026 жылы 15 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Студенттер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және өміршеңдікті дамыту» тақырыбында кураторлардың Қысқы мектебі өткізілді. Қысқы мектептің жұмысына тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарлары, академиялық топ кураторлары, оқытушылар және университеттің  психологтары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 50-ден астам адамды құрады.



Қысқы мектеп аясында студенттік ортада суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, сондай-ақ тұлғаның өміршеңдігін, копинг-стратегияларын және стресске төзімділік механизмдерін дамыту мәселелеріне арналған екі практикалық-бағдарланған мастер-класс өткізілді.Бағдарлама кураторлардың студенттердегі стресс пен дағдарыстық жағдайларды, оның ішінде суицидтік қауіптің ерте белгілерін тану дағдыларын қалыптастыруға, сонымен қатар дұрыс әрекет ету алгоритмдерін меңгеруге және бастапқы психологиялық қолдау көрсетуге бағытталды.


Мастер-кластар бағдарламасы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және жағымсыз эмоциялық жағдайларды зерттеу саласында жүзеге асырылған ғылыми-зерттеу және гранттық жобалардың нәтижелері негізінде әзірленді.

Іс-шара «Денсаулық жолындағы серіктестер» ҮЕҰ қолдауымен өткізілді.

Ұйымдастырушылар: әлеуметтік-тәрбие  департаменті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.