Әдеби мұра – ұрпаққа аманат: Төлен Қаупынбайұлын еске алу кешіFarabi University

Әдеби мұра – ұрпаққа аманат: Төлен Қаупынбайұлын еске алу кеші

9 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 9 қыркүйекте облыстық кітапханада көрнекті жазушы, қаламгер Төлен Қаупынбайұлын еске алу кеші ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – жазушының шығармашылық мұрасын насихаттау, жастарды әдебиетке баулу және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу болды.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, әдебиеттанушылар, оқытушылар, кітапхана қызметкерлері мен оқу орындарының студенттері қатысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің бір топ білім алушылары да бұл кешке арнайы шақырылып, белсенділік танытты.

Кеш барысында жазушының өмір жолы мен әдеби мұрасына арналған мазмұнды баяндамалар тыңдалды. Кітапхана тарапынан ұйымдастырылған кітап көрмесінде Төлен Қаупынбайұлының шығармалары мен ол туралы жазылған еңбектер көпшілік назарына ұсынылды. Колледж студенттері жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, әдебиетке деген өз қызығушылықтарын көрсетті.

Сөз сөйлеген  ғалымдар жазушының шығармаларындағы көркемдік ерекшеліктер мен ұлттық идеяны атап өтті. Сонымен қатар, қаламгердің жеке өмірінен алынған естеліктер де көпшіліктің көңілінен шықты.