«Тәртіп пен заңды сақтау арқылы сенімді қоғам құру» атты кездесуFarabi University

«Тәртіп пен заңды сақтау арқылы сенімді қоғам құру» атты кездесу

9 ақпан, 2026

2026 жылғы 9 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен «Тәртіп пен заңды сақтау арқылы сенімді қоғам құру» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, полициямен серіктестікті нығайту және қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге Алматы қаласы Полиция департаментіне қарасты Полицияға көмек көрсету қалалық штабының басшысы Петров Евгений Николаевич қатысты. Ол университет студенттерінен құралған «Полицияның қоғамдық көмекшісі» тобының мүшелерімен кездесіп, олардың қызметінің негізгі бағыттарын, құқықтары мен заңды міндеттерін түсіндірді.

Сондай-ақ, кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қоғамдық көмекшілердің нақты іс-тәжірибелерімен танысты. Петров Евгений Николаевич жастарға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығын атап өтті, қоғамдағы сенімділікті арттыру үшін әрбір азаматтың рөлі ерекше екенін түсіндірді.

Іс-шара соңында қатысушылар полиция қызметімен ынтымақтастық орнату, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықтық мәдениетті дамыту бағытында өз ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу студенттердің құқықтық білімін кеңейтіп, қоғамдық өмірге белсенді қатысуға ынтасын арттырды.