Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті
2025 жылғы 16 қазанда (бейсенбі) сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінде (Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 39-үй) ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға №7 қалалық емхананың акушер-гинеколог дәрігері Джалилова Т.З., сондай-ақ “Aq-Jol” жастар денсаулық орталығының клиникалық психологы Женисова А.Е. қатысты.
Кездесу келесі тақырыптар аясында өтті:
-
Ерте жүктіліктің алдын алу, оның салдары, отбасыны жоспарлау әдістері және қолжетімді медициналық қызметтер;
-
Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу.
Іс-шара колледж жастарының репродуктивті денсаулығын сақтау, психологиялық тұрақтылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар: колледж психологы Сейтова А.А. және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Идрисова Г.А.