Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті

16 қазан, 2025

2025 жылғы 16 қазанда (бейсенбі) сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінде (Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 39-үй) ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараға №7 қалалық емхананың акушер-гинеколог дәрігері Джалилова Т.З., сондай-ақ “Aq-Jol” жастар денсаулық орталығының клиникалық психологы Женисова А.Е. қатысты.

Кездесу келесі тақырыптар аясында өтті:

  • Ерте жүктіліктің алдын алу, оның салдары, отбасыны жоспарлау әдістері және қолжетімді медициналық қызметтер;

  • Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу.

Іс-шара колледж жастарының репродуктивті денсаулығын сақтау, психологиялық тұрақтылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар: колледж психологы Сейтова А.А. және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Идрисова Г.А.