Алматы қаласы прокуратурасының өкілдерімен кездесуFarabi University

Алматы қаласы прокуратурасының өкілдерімен кездесу

8 қараша, 2025

Алматы қаласы прокуратурасының өкілдерімен кездесу

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінде «Киберқылмыстық әрекеттер мен дропперлік» тақырыбында профилактикалық конференция өтті.

Студенттер алдында сөз сөйледі:

  • Әділет кеңесшісі, 1-бөлім прокуроры — Турганкулов Алихан Муратович

  • 1-сатыдағы юрист, 1-бөлім прокуроры — Данияров Санжар Дауренович

Қонақтар интернеттегі қазіргі заманғы алаяқтық түрлері, киберқылмыстар үшін жауапкершілік және цифрлық ортада өзін қорғау шаралары туралы баяндады. Студенттер қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойып, талқылауға қатысты.

Конференцияны ұйымдастырды: Мусалеева Шолпан Амиртаевна және Рахимжанова Шолпан Рахимжановна.

Алматы қаласы прокуратурасына студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамыз!