Алматы қаласы прокуратурасының өкілдерімен кездесу
Алматы қаласы прокуратурасының өкілдерімен кездесу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінде «Киберқылмыстық әрекеттер мен дропперлік» тақырыбында профилактикалық конференция өтті.
Студенттер алдында сөз сөйледі:
-
Әділет кеңесшісі, 1-бөлім прокуроры — Турганкулов Алихан Муратович
-
1-сатыдағы юрист, 1-бөлім прокуроры — Данияров Санжар Дауренович
Қонақтар интернеттегі қазіргі заманғы алаяқтық түрлері, киберқылмыстар үшін жауапкершілік және цифрлық ортада өзін қорғау шаралары туралы баяндады. Студенттер қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойып, талқылауға қатысты.
Конференцияны ұйымдастырды: Мусалеева Шолпан Амиртаевна және Рахимжанова Шолпан Рахимжановна.
Алматы қаласы прокуратурасына студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамыз!