Колледж студенті Дамир Мажитаев бокстан республикалық турнирде жеңімпаз атандыFarabi University
Референдум 15 марта

Колледж студенті Дамир Мажитаев бокстан республикалық турнирде жеңімпаз атанды

18 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің колледжінің 3-курс студенті Мажитаев Дамир 12-13 қараша күндері Талдықорған қаласында өткен республикалық деңгейдегі жарыста жеңімпаз атанды.

Дамир «Sabirzhan» бокс клубының ұйымдастыруымен жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасында бокстан өткен Ашық турнирге қатысып, 1-орынды (бірінші орынды) жеңіп алды.