Колледж студенті Дамир Мажитаев бокстан республикалық турнирде жеңімпаз атанды
18 қараша, 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің колледжінің 3-курс студенті Мажитаев Дамир 12-13 қараша күндері Талдықорған қаласында өткен республикалық деңгейдегі жарыста жеңімпаз атанды.
Дамир «Sabirzhan» бокс клубының ұйымдастыруымен жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасында бокстан өткен Ашық турнирге қатысып, 1-орынды (бірінші орынды) жеңіп алды.