ТДМ №4, 8, 16 «Командалық жұмысты жетілдіру» – табысты ұжымның негізі атты кездесу ұйымдастырылдыFarabi University
Референдум 15 марта

ТДМ №4, 8, 16 «Командалық жұмысты жетілдіру» – табысты ұжымның негізі атты кездесу ұйымдастырылды

4 ақпан, 2026

Қазіргі қарқынды еңбек жағдайында ұйымның табысты дамуы қызметкерлердің кәсіби және командалық қабілеттеріне тікелей байланысты. Бірлесіп тиімді жұмыс істеу, ортақ мақсатқа ұмтылу және өзара қолдау көрсету – мықты ұжымның негізі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Әлеуметтік тәрбие департаментінің ұйымдастыруымен кәсіби командалық қабілетті дамыту концепциясы аясында командалық кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – ұжым ішіндегі тиімді коммуникацияны нығайту, бірлескен жұмыс дағдыларын жетілдіру және командалық өзара әрекеттестікті арттыру.

Кездесу барысында қатысушылар:

  • командалық жұмыстың негізгі қағидаларымен танысты;

  • тиімді коммуникация және кері байланыс беру тәсілдерін талқылады;

  • өзара сенімді қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар орындады;

  • командалық рөлдерді айқындап, ортақ мақсат қоюдың маңызын қарастырды;

  • практикалық жаттығулар арқылы бірлескен шешім қабылдау дағдыларын жетілдірді.

Іс-шара жылы әрі белсенді форматта өтті. Қатысушылар пікір алмасып, тәжірибе бөлісіп, ұжымдық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Мұндай кездесулер командалық рухты нығайтуға, қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға және ұйым ішіндегі кәсіби әлеуетті дамытуға ықпал етеді.