ҚазҰУ оқытушылары республикалық байқауда үздік атанды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2025 жылы үздік деп танылған 38 оқытушысы марапатталды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы еліміздің 37 жоғары оқу орнынан 150 оқытушыға берілді. Соның ішінде 38 оқытушы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да еңбек етеді.
Марапатты ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова табыстады.

Конкурс барысында электрондық білім беру ресурстары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық ғылыми журналдардағы ғылыми жарияланымдар, патенттер және оқытушылардың өзге де ғылыми нәтижелері сияқты көрсеткіштер бағаланды.


Оқытудың сапасына, үміткерлердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі үшін кадрлар даярлауға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы 2005 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.


Аталған атақты иелену оқытушыларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, кәсіби біліктілігін арттыруға, сондай-ақ әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

2025 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленген ҚазҰУ оқытушыларын құттықтаймыз!






Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік атанған оқытушылары:
1. Ағыбаева Лаура Ерланқызы — Химия және химиялық технология факультеті
2. Ағишев Алдияр Талғатұлы — Физика-техникалық факультеті
3. Әлімғазинова Назгүл Шәкерімқызы — Физика-техникалық факультеті
4. Әмірханова Гүлшат Аманжолқызы — Ақпараттық технологиялар факультеті
5. Ахтанов Саят Нүсіпбекұлы — Физика-техникалық факультеті
6. Байжұма Жандос Ескендірұлы — Физика-техникалық факультеті
7. Бахадүр Асқар Мұхтарұлы — Химия және химиялық технология факультеті
8. Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлы — Механика-математика факультеті
9. Болатхан Кенжегүл — Биология және биотехнология факультеті
10. Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы — Филология факультеті
11. Жұмағұлова Қарлығаш Нұрманқызы — Физика-техникалық факультеті
12. Жолдыбаева Ажар Қуанышбекқызы — Философия және саясаттану факультеті
13. Игнатова Людмила Викторовна —Биология және биотехнология факультеті
14.Исмайлова Ақмарал Ғазизқызы — Химия және химиялық технология факультеті
15. Құрманбаева Меруерт Сәкенқызы —Биология және биотехнология факультеті
16. Құттыбай Нұржігіт Бақытұлы — Физика-техникалық факультеті
17. Мархабаева Айымкүл Әлиханқызы — Физика-техникалық факультеті
18. Мұсағалиева Айжан Ниязбекқызы — География және табиғатты пайдалану факультеті
19. Мусина Айнұр Қайырқызы — География және табиғатты пайдалану факультеті
20. Нармұратова Мейрамкүл Хүдретқызы — Биология және биотехнология факультеті
21. Нұрмаханова Ақмарал Садыққызы — Биология және биотехнология факультеті
22. Өмірбекова Әнел Әділқызы — Биология және биотехнология факультеті
23. Сәбденова Гүлмира Есбатырқызы — Тарих факультеті
24. Сәрсембаева Талшын Сағдатбекқызы — Ақпараттық технологиялар факультеті
25. Сейтімова Гүлназ Әбсаттарқызы — Химия және химиялық технология факультеті
26. Смекенов Изат Темірғалиұлы — Биология және биотехнология факультеті
27. Супиева Жазира Асылбекқызы — Химия және химиялық технология факультеті
28. Тәукебаев Өміржан Жалғасбекұлы — География және табиғатты пайдалану факультеті
29. Тілеулесова Әйгерім Мекемтасқызы —Механика-математика факультеті
30. Тоқбергенова Айгүл Әбдіғаппарқызы — География және табиғатты пайдалану факультеті
31. Тоқтабаева Әсел Қырғызбайқызы — Химия және химиялық технология факультеті
32. Төлеуханов Сұлтан — Биология және биотехнология факультеті
33. Төреханова Құндыз Момынқызы — Физика-техникалық факультеті
34. Тыныбеков Бекзат Мақұлбайұлы — Биология және биотехнология факультеті
35. Түсіпова Бақыт Баймұратқызы — Химия және химиялық технология факультеті
36. Уәлиева Перизат Серікқазықызы — Биология және биотехнология факультеті
37. Үркімбаева Перизат Ибрагимқызы — Химия және химиялық технология факультеті
38. Черикбаева Ләйла Шәріпқызы — Ақпараттық технологиялар факультеті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар