ҚазҰУ оқытушылары республикалық байқауда үздік атандыFarabi University

ҚазҰУ оқытушылары республикалық байқауда үздік атанды

14 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2025 жылы үздік деп танылған 37 оқытушысы марапатталды. 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы еліміздің 37 жоғары оқу орнынан 150 оқытушыға берілді.  Соның ішінде 37 оқытушы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да еңбек етеді.

Марапатты ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова табыстады.

Конкурс барысында электрондық білім беру ресурстары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық ғылыми журналдардағы ғылыми жарияланымдар, патенттер және оқытушылардың өзге де ғылыми нәтижелері сияқты көрсеткіштер бағаланды.

Оқытудың сапасына, үміткерлердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі үшін кадрлар даярлауға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы 2005 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.

Аталған атақты иелену оқытушыларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, кәсіби біліктілігін арттыруға, сондай-ақ әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

2025 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленген ҚазҰУ оқытушыларын құттықтаймыз!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  үздік атанған оқытушылары:

1.   Ағыбаева Лаура Ерланқызы

2.   Ағишев Алдияр Талғатұлы

3.   Әлімғазинова Назгүл Шәкерімқызы

4.   Әмірханова Гүлшат Аманжолқызы

5.   Ахтанов Саят Нүсіпбекұлы

6.   Байжұма Жандос Ескендірұлы

7.   Бахадүр Асқар Мұхтарұлы

8.   Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлы

9.   Болатхан Кенжегүл

10.  Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы

11. Жұмағұлова Қарлығаш Нұрманқызы

12. Жолдыбаева Ажар Қуанышбекқызы

13. Игнатова Людмила Викторовна

14. Құрманбаева Меруерт Сәкенқызы

15. Құттыбай Нұржігіт Бақытұлы

16. Мархабаева Айымкүл Әлиханқызы

17. Мұсағалиева Айжан Ниязбекқызы

18. Мусина Айнұр Қайырқызы

19. Нармұратова Мейрамкүл Хүдретқызы

20. Нұрмаханова Ақмарал Садыққызы

21. Өмірбекова Әнел Әділқызы

22. Сәбденова Гүлмира Есбатырқызы

23. Сәрсембаева Талшын Сағдатбекқызы

24. Сейтімова Гүлназ Әбсаттарқызы

25. Смекенов Изат Темірғалиұлы

26.  Супиева Жазира Асылбекқызы

27. Тәукебаев Өміржан Жалғасбекұлы

28. Тілеулесова Әйгерім Мекемтасқызы

29. Тоқбергенова Айгүл Әбдіғаппарқызы

30. Тоқтабаева Әсел Қырғызбайқызы

31.  Төлеуханов Сұлтан

32. Төреханова Құндыз Момынқызы

33. Тыныбеков Бекзат Мақұлбайұлы

34. Түсіпова Бақыт Баймұратқызы

35. Уәлиева Перизат Серікқазықызы

36. Үркімбаева Перизат Ибрагимқызы

37.  Черикбаева Ләйла Шәріпқызы

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі