ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУFarabi University

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

15 ақпан, 2026
  • Жансейіт Түймебаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім мен ғылым: цифрландыру және жасанды интеллект жылы» тақырыбындағы кеңейтілген алқа отырысына қатысты. 
  • Жансейіт Қансейітұлы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның ғылыми қауымдастық өкілдерімен кездесуінде баяндама жасады. 
  • ЖОО ректоры Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік стипендия лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысты. 
  • Оқу ордасының басшысы Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орай өткен ғылыми іс-шарада сөз сөйледі.
  • Жансейіт Түймебаев Гарвард университетіндегі Чан қоғамдық медицина мектебінің академиялық істер жөніндегі деканы Хорхе Чавваромен келіссөз жүргізді. 
  • Ректор Гарвард университетінің Кеннеди мектебінде білім алып жатқан қазақстандық жастармен кездесті.