- Басты бет
- Жаңалықтар
- ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
15 ақпан, 2026
- Жансейіт Түймебаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім мен ғылым: цифрландыру және жасанды интеллект жылы» тақырыбындағы кеңейтілген алқа отырысына қатысты.
- Жансейіт Қансейітұлы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның ғылыми қауымдастық өкілдерімен кездесуінде баяндама жасады.
- ЖОО ректоры Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік стипендия лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысты.
- Оқу ордасының басшысы Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орай өткен ғылыми іс-шарада сөз сөйледі.
- Жансейіт Түймебаев Гарвард университетіндегі Чан қоғамдық медицина мектебінің академиялық істер жөніндегі деканы Хорхе Чавваромен келіссөз жүргізді.
- Ректор Гарвард университетінің Кеннеди мектебінде білім алып жатқан қазақстандық жастармен кездесті.