М. Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының 3 курс курсанттары мұражайға келді — КазНУ

М. Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының 3 курс курсанттары мұражайға келді

16 февраля 2026
М. Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының 3 курс курсанттары мұражайға келді

Бүгін курсанттар үшін танымдық экскурсия өтті.  Құқық қорғау органдарының болашақ қызметкерлері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына келіп, университет тарихы, ғылым мен білімнің дамуы, сондай-ақ елміздің қалыптасуының маңызды кезеңдерімен танысты.

Экскурсия жылы және қызықты атмосферада өтті. Қатысушылар экспозицияларды мұқият қарап, сұрақтар қойып, талқылауға белсенді қатысты.