М. Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының 3 курс курсанттары мұражайға келді
16 ақпан, 2026
Бүгін курсанттар үшін танымдық экскурсия өтті. Құқық қорғау органдарының болашақ қызметкерлері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына келіп, университет тарихы, ғылым мен білімнің дамуы, сондай-ақ елміздің қалыптасуының маңызды кезеңдерімен танысты.
Экскурсия жылы және қызықты атмосферада өтті. Қатысушылар экспозицияларды мұқият қарап, сұрақтар қойып, талқылауға белсенді қатысты.

