ТДМ 5. «Қыздар STEM-де» студенттер форумы STEM-дегі қыздар: гендерлік теңдікFarabi University

ТДМ 5. «Қыздар STEM-де» студенттер форумы STEM-дегі қыздар: гендерлік теңдік

13 ақпан, 2026

Қазақстан әйелдері үшін барлық жолдар ашық

Бүгін, 2026 жылдың 13 ақпанында сағат 13:00-де филология факультетінің 3-2 аудиториясында «Қыздар STEM-де» студенттік форумының ұйытқы болуымен «Қазақстан әйелдері үшін барлық жолдар ашық» атты тәлімгерлік сағат өтті. Шараның басты мақсаты – қазақстандық қыздар мен әйелдердің «STEM» саласындағы жетістіктерін көрсету. Студенттер «STEM» аббревиатурасы нені білдіретінін, Қазақстан әйелдерінің ғылымның, техниканың, инженерияның, математиканың және т.б. әр түрлі салаларда жетістікке жеткенін айтып өтті. Бұрыңғы келе жатқан кезден мақтан тұтатын  қазақ әйелдерінің есімдері өте көп. Бірақ бүгінде ең жылдам дамып жатқан салалар жасанды интеллект, биотехнология, ғарыштық технологиялар, киберқауіпсіздік және цифрлық медицина болып табылады. Талқылау барысында студенттер қазақ қоғамындағы жаңа өндірістерде әйелдер мен ерлердің теңдігіне жету үшін еңсеру қажет бірқатар кедергілерді анықтады. Олар: 1. стереотиптер, 2. үлгі-өнегенің жоқтығы, 3. қолжетімділік.

Студенттер қазіргі табысты әйелдерді, олардың қызмет бағыттары мен жетістіктерін мысалға келтірді. Бұл Яна Тен - ZebraEye, сирек кездесетін көз ауруларын анықтайтын жасанды интеллект негізіндегі платформа. «Зебра» медицинада сирек кездесетін диагнозды табады; Асылзат Исатаева - AIDENTIS, стоматологиялық рентген сәулелерін талдауға арналған AI жүйесі; Жанат Махатаева – робототехника және жасанды интеллект саласындағы ғылыми қызметкер; Найля Базанова – қазақстандық ғылым мен экология саласындағы жетекші әйелдердің бірі.

 Іс-шара пікірталас, сұрақ-жауап, сонымен қатар топтық пікірталас форматында өтті. Топтағы оқушылар слайдтар мен бейнероликтер арқылы өз ойларын шығармашылықпен жеткізді. Мұндай іс-шаралар студенттердің өмірге, мансаптық өсуге және еңбекке деген мақсат қоюға деген ынтасын арттыруға ықпал етеді. Жалпы, тәлімгерлік сағаты студенттер үшін мәнді де тәрбиелік мәні зор шара болып өтті.

Ұйымдастырушы: түркітану және тіл теориясы кафедрасының доцент м.а., ф.ғ.к., Каракулова Айгуль Мадиевна, «6В01704 – Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс, 301 тобының студенттері.