- Басты бет
- Заң клиникасы
- Студенттік заң клиникасы референдум мәселелері жөнінде құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Студенттік заң клиникасы референдум мәселелері жөнінде құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді
2026 жылғы 18 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласы №174 және №200 гимназияларының 9–11-сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Іс-шара барысында елдегі маңызды саяси науқандар, соның ішінде жаңа Конституция бойынша жоспарланған референдум мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесудің басты мақсаты – жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру және мемлекет дамуына қатысты маңызды өзгерістер жөнінде жан-жақты ақпарат беру болды.
Кездесуге гимназия оқытушылары, сондай-ақ университеттің заң факультеті жанындағы студенттік заң клиникасының өкілдері, атап айтқанда, заң факультетінің деканы заң ғылымдарының кандидаты, профессор Ахатов Уалихан Ақыпбекұлы, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Қуаналиева Гүлдана Амангелдіқызы; кафедра профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Айғаринова Гүлнар Төлеухадирқызы; студенттік заң клиникасының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Байдельдинов Дәулет Лайкович; аға оқытушылар PhD, Қанат Қожабек, Жаппаков Сабыржан Малиұлы, Бакиров Дархан Әбдіманапұлы мен Елеусізова Нұргүл Төлеубекқызы, сондай-ақ заң клиникасының басқа да өкілдері болды.
Кездесу барысында оқушылар конституциялық өзгерістердің мазмұны, олардың қоғамға ықпалы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Ашық форматта өткен жиында қатысушылар өзара пікір алмасып, белсенділік танытты.
Сонымен қатар, оқушыларға құқықтық кеңес беріліп, референдумға қатысу тәртібі, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заң алдындағы жауапкершілігі түсіндірілді. Мамандар тарапынан нақты мысалдар келтіріліп, күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық жағдайлар бойынша мәселелер қозғалды.
Іс-шара соңында жастардың ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуының, құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығы атап өтілді. Мұндай кездесулер оқушылардың азаматтық санасын қалыптастырып, олардың құқықтық білімін нығайтуға ықпал етеді.