«Нашақорлықтың әлеуметтік, экономикалық және отбасыға тигізетін зардаптары » бойынша кездесу.Farabi University
Референдум 15 марта

«Нашақорлықтың әлеуметтік, экономикалық және отбасыға тигізетін зардаптары » бойынша кездесу.

19 ақпан, 2026

2026 жылғы 19 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-інде Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен №4 Студенттер үйінде «Нашақорлықтың әлеуметтік, экономикалық және отбасыға тигізетін зардаптары» тақырыбында тәрбиелік маңызы зор кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың зияны туралы түсіндіру және оның қоғамға тигізетін кері әсерін жан-жақты талқылау болды.

Жиналысқа География және табиғатты пайдалану факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары Рыскельдиева Айжан Муратовна қатысып, тақырып аясында мазмұнды баяндама жасады. Ол өз сөзінде нашақорлықтың жеке адам денсаулығына ғана емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік тұрақтылығына, экономикалық дамуына және отбасы құндылықтарына кері әсерін тигізетінін атап өтті.

Кездесу барысында есірткіге тәуелділіктің алдын алу жолдары, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, құқықтық жауапкершілік мәселелері кеңінен қозғалды. Сонымен қатар студенттер өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.

Іс-шара қорытындысында жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, білім мен өзін-өзі дамытуға ұмтылуға шақыру айтылды. Осындай тәрбиелік бағыттағы кездесулер студенттердің саналы көзқарасын қалыптастыруға және салауатты қоғам құруға өз үлесін қосатыны сөзсіз.