- Басты бет
- Жас ғалымдар кеңесі
- Биотехнология кафедрасының жас ғалымдары халықаралық ғылыми зерттеулерге үлес қосуда
Биотехнология кафедрасының жас ғалымдары халықаралық ғылыми зерттеулерге үлес қосуда
Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен жас зерттеушілері халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді қатысып, Қазақстан ғылымының әлеуетін шетелде танытуда.
Ардақ Қакимова, Сандуғаш Сандыбаева және Елена Запарина «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы аясында АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — The Ohio State University базасында ғылыми тағылымдамадан өтуде. Зерттеулер университеттің Aronoff Laboratory зертханасында, молекулалық генетика саласының профессоры Патрис Хамелдің жетекшілігімен жүргізілуде.
Ғалымдардың зерттеу бағыттары заманауи биотехнологияның басым салаларын қамтиды. Атап айтқанда, Ардақ Қакимова мен Сандуғаш Сандыбаева биология мен тұрақты даму түйіскен бағытта — фотосинтездеуші микроорганизмдерді инженериялау арқылы жаңа буын биожанармай өндіру мәселелерімен айналысуда. Ал Елена Запарина митохондриялық биология және жасушалық деңгейдегі энергия алмасу механизмдерін зерттеуге үлес қосуда.
Аталған ғылыми жұмыстар таза энергия көздерін дамыту, тұрақты биотехнологиялық шешімдер ұсыну және іргелі молекулалық-генетикалық зерттеулерді тереңдету тұрғысынан жоғары маңызға ие.
Биотехнология кафедрасы өз қызметкерлері мен жас ғалымдарының халықаралық ғылыми қауымдастықтағы жетістіктерін мақтан тұтады және болашақта мұндай ынтымақтастықтың одан әрі кеңейетініне сенім білдіреді.
Басқа жаңалықтар