- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- Студенттер ҚазҰУ түлегі, Forbes «50 under 50» тізіміне енген кәсіпкер Руслан Берденовпен кездесті
Студенттер ҚазҰУ түлегі, Forbes «50 under 50» тізіміне енген кәсіпкер Руслан Берденовпен кездесті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабырғасында университет түлегі, қоғам қайраткері, Forbes журналының «50 under 50» тізіміне енген қазақстандық кәсіпкер Руслан Берденовпен студент жастардың тағылымды кездесуі өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылар арасында кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта ілгерілету тәжірибесін насихаттау, сондай-ақ жас буынды инновациялық ойлау мен әлеуметтік жауапкершілікке баулу. Кездесу ашық диалог алаңында өтіп, еркін пікір алмасу форматында ұйымдастырылды.
Руслан Берденов – Қазақстанның ұлттық асханасын жаңа көзқараспен дамытып келе жатқан Sandyk және Tary мейрамханалық жобаларының негізін қалаушы. Кәсіпкердің бастамалары дәстүр мен заманауи бизнес модельдерін үйлестіру арқылы ұлттық брендті халықаралық деңгейде танытуға бағытталған. Оның жобалары ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, бәсекеге қабілетті креативті индустрия қалыптастырудың жарқын үлгісіне айналып отыр.
Кездесу барысында спикер кәсіпкерлік жолындағы алғашқы қадамдары, кездескен қиындықтары мен оларды еңсеру жолдары туралы баяндап, табысқа жетудің негізгі қағидаттарына тоқталды. Сонымен қатар бренд қалыптастыру, нарықта орнығу стратегиясы, команда құру мәдениеті және ұзақмерзімді даму моделін жасау мәселелері кеңінен талқыланды. Ол студенттерге идеядан нақты іске дейінгі жолда табандылық пен жауапкершіліктің маңызын атап өтті.
Іс-шара мазмұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен сабақтас. Атап айтқанда:
– №4 мақсат – Сапалы білім беру: студенттердің тәжірибелік білімін кеңейту және кәсіби дағдыларын дамыту;
– №8 мақсат – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу: жастар кәсіпкерлігін қолдау және экономикалық белсенділікті арттыру;
– №9 мақсат – Индустрия, инновация және инфрақұрылым: инновациялық жобалар мен креативті индустрияны дамыту;
– №12 мақсат – Жауапты тұтыну және өндіріс: ұлттық өнімдерді заманауи форматта ұсынып, тұрақты бизнес қағидаттарын енгізу.
Кездесу аясында студенттер кәсіпкермен ашық сұхбат құрып, бизнес бастау, тәуекелдерді басқару, инвестиция тарту, команда қалыптастыру және жеке брендті дамыту мәселелері бойынша өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауап алды. Еркін пікір алмасу жастардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттырып, болашақ кәсіби бағдарын айқындауға мүмкіндік берді.
Аталған іс-шара университеттің түлектермен байланысын нығайтып, академиялық білім мен нақты бизнес тәжірибесінің сабақтастығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге бағытталды. Мұндай кездесулер білім алушылардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта дамытуға серпін беретіні сөзсіз.












Басқа жаңалықтар