Академиялық ұтқырлық конкурсы жарияланды
10 наурыз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2026-2027 оқу жылының күзгі семестрінде ҚР республикалық бюджеті есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға конкурс жариялайды. Бұл мүмкіндік бакалавриат студенттеріне арналған.
Ұтқырлық университет пен шетелдік серіктес жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастық келісімшарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар egov.kz порталы арқылы қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Үміткердің ЭЦҚ-сымен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойылған өтініш;
2. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының электрондық көшірмесі;
3. Білімі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;
4. Университет мөрімен расталған ағымдағы үлгерім туралы транскрипт;
5. Шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):
o Шетел тілін білу деңгейін бағалайтын халықаралық жүйелер арқылы алынған сертификат (болған жағдайда);
o Шетелдік жоғары оқу орнының студентті бар тіл деңгейімен қабылдауға келісімі туралы хаты.
6. Медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі (шетелге шығатындар үшін);
7. Қазақстан Республикасынан шығу кезінде үміткер 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының, қорғаншыларының немесе заңды өкілдерінің шетелге шығуға берген жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;
8. Студенттің көпбалалы отбасынан шыққанын растайтын отбасы құрамы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
9. Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін, болған жағдайда);
10. Студенттің мүгедектігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Үміткерлерді іріктеуді ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы №613 бұйрығымен бекітілген «Шетелге, соның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларына» сәйкес, Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия жүргізеді. Конкурс мәселелері бойынша кеңесті әр факультеттің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі декан орынбасарлары береді.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2026 жылғы 10 наурыз бен 10 маусым аралығы.
Басқа хабарландырулар
21 наурыз
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік оқытушысы» байқауы басталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» байқауының басталғанын хабарлайды.
16 наурыз
AI-Sana бағдарламасының II кезеңі басталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жасанды интеллект саласын дамытуға бағытталған AI-Sana мемлекеттік инновациялық бағдарламасына қатысуын жалғастыруда.
7 сәуір
ҚазҰУ сарапшылары GeoAI конференциясында озық шешімдерді таныстырады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жетекші мамандары 7 сәуір күні Астана қаласында өтетін Esri Central Asia GeoAI саммитіне қатысады.