ҚазҰУ-да түркі әлемінің халықаралық шаралары өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұловамен кездесті. Сұхбат барысында тараптар мәдени байланыстарды нығайту мәселесін талқылады.
Ақтоты Райымқұлова қордың түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау және дамытуға бағытталған жобалары туралы айтты. Қазіргі таңда қор жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы мәдени құндылықтарды зерттеу және насихаттау бағытында ауқымды жұмыс атқаруда. Сондай-ақ Ақтоты Рахметоллақызы ұйымның 2026 жылға арналған стратегиялық жоспарын таныстырып, университет ғалымдарымен бірлескен мәдени жобаларды іске асыруды ұсынды.

Кездесуде ректор Жансейіт Түймебаев университеттің халықаралық мәдени байланыстарды нығайтуға, ғылыми зерттеулер мен мәдени жобаларды қолдауға үлкен мән беретініне тоқталды.
Келіссөз соңында екі тарап ҚазҰУ базасында бірлескен халықаралық конференция, симпозиум, дөңгелек үстел отырысын өткізуге уағдаласты.
Айта кетейік, 2024 жылы Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қоры және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар