ТДМ №13: «Таза факультет» челленджі ұйымдастырылдыFarabi University

ТДМ №13: «Таза факультет» челленджі ұйымдастырылды

19 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультетінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары аясында «Таза факультет» атты экологиялық акция ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараға 6B05304 – «Физика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері белсенді түрде қатысты. Аталған бастама жастар арасында заманауи білімді дамытуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған Тұрақты даму мақсаттарының бірі – «Сапалы білім беру» қағидаттарын насихаттауға арналды.

Акция студенттердің тек теориялық білім алып қана қоймай, қоғам мен қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруды көздеді. Бүгінгі таңда жаһандық экологиялық мәселелердің өзектілігі артып отырғандықтан, мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастыруда ерекше маңызға ие. Сондықтан университет қабырғасында өткізілген бұл бастама студенттердің азаматтық белсенділігін арттыруға, экологиялық мәселелерге саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы және топ кураторы, профессор Фарида Бексұлтанқызы Белисарова өз сөзінде мұндай экологиялық бастамалардың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті. Оның айтуынша, университет тек сапалы білім беретін орта ғана емес, сонымен қатар жастардың азаматтық позициясын қалыптастыратын, қоғам мен планетаның болашағына жауапкершілікпен қарайтын тұлға тәрбиелейтін маңызды білім ордасы болып табылады. Профессор студенттердің белсенді қатысуы олардың қоршаған ортаға жанашырлықпен қарайтынын және табиғатты қорғау мәселелеріне бейжай қарамайтынын көрсететінін атап өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің тұрақты даму принциптері жөніндегі білімін кеңейту, олардың экологиялық ойлау қабілетін дамыту және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған практикалық дағдыларын қалыптастыру болды. Акция барысында қатысушылар

Сонымен қатар, қатысушылар тұрақты дамудың басқа да маңызды бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, таза әрі қолжетімді энергия көздерін дамыту, тұрақты қалалар мен қауымдастықтарды қалыптастыру, жауапты тұтыну мен өндіріс мәдениетін дамыту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелері кеңінен талқыланды. Пікір алмасу ашық және еркін диалог форматында өтті. Студенттер университет аумағында және қала деңгейінде экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған өз ойларымен, ұсыныстарымен және жаңа идеяларымен бөлісті.

Акцияның практикалық бөлімі факультет аумағын тазалау жұмыстарымен жалғасты. Студенттер белсенді түрде сенбілікке қатысып, оқу орнының айналасын тазалау, тәртіпке келтіру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау жұмыстарына атсалысты. Бұл жұмыс барысында студенттер таза әрі ұқыпты білім беру ортасының қалыптасуы сапалы білім алудың және тиімді оқу үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар қалдықтарды дұрыс сұрыптау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаға зиян келтірмеу мәселелерін де талқылады.

Іс-шара барысында студенттердің күнделікті өмірінде тұрақты әрі экологиялық жауапты әдеттерді қалыптастырудың маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар табиғатты таза ұстау, артық ресурстарды үнемдеу, қалдықтарды азайту және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін өмір салтын ұстану сияқты қарапайым әрекеттердің өзі табиғатты қорғауға үлкен үлес қосатынын атап өтті. Осындай шағын қадамдардың жиынтығы экологиялық тұрақтылықты сақтауға және болашақ ұрпаққа таза табиғи орта қалдыруға мүмкіндік беретінін студенттер ерекше түсінді.