«АМАНЖОЛОВ ОҚУЛАРЫ 2026»  III Халықаралық ғылыми-әдістемелік  конференциясыFarabi University

 «АМАНЖОЛОВ ОҚУЛАРЫ 2026»  III Халықаралық ғылыми-әдістемелік  конференциясы

17 наурыз, 2026

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институты

Әл-Фараби атындағы кітапхана

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті достар және әріптестер!

 

 «АМАНЖОЛОВ ОҚУЛАРЫ 2026»

 III Халықаралық ғылыми-әдістемелік  конференциясына

қатысуға шақырамыз

 

Өткізу күні: 2-3 маусым 2026 ж.

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы (Алматы, Әл-Фараби даңғылы, 71/27), №409 коференц-зал

Пленарлық отырыстың басталуы: сағат 10:00.

 

Конференцияның мақсаты – қолжазбалар мен көне баспа кітаптарды сақтау және зерттеу мәселелеріне назар аудару, оларды оқу мен талдау, сондай-ақ түркітану ғылымының өзекті даму мәселелерін талқылау.

Арнайы назар ғылымның историографиясы, ғалымдар мұрасын зерттеу және, ең алдымен, филология ғылымдарының докторы, профессор А. С. Аманжоловтың еңбектерін зерделеу мәселелеріне аударылады.

 

Конференцияның негізгі бағыттары:
Turco–Slavica: ғалым тұлғасы – мәселелер мен пікірталастар контекстінде;
• Мәтіндік дәстүрлер және қолжазбалық мұраны сақтау;
• Тарихи және мәдени жад тасымалдаушысы ретінде тіл;
• Цифрландыру дәуіріндегі кітапхана: сын-қатерлер мен даму келешегі.

 

Конференция аясында докторанттар, магистранттар мен студенттер үшін «Аманжолов оқулары: білім, пікірталас және жаңалықтар кеңістігі» атты ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырылады. Сонымен қатар конференция барысында монографиялар мен мерзімді басылымдардың тұсаукесерлері өткізіледі.

Қатысуға түркі тілдері мен мәдениеттері саласындағы ғалымдар, оқытушылар, мұғалімдер, сондай-ақ кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар, ғылыми-зерттеу институттары мен баспалар мамандары шақырылады.

 

Іс-шара форматы: офлайн / онлайн (Zoom платформасы арқылы қосылу).

Жұмыс тілдері: қазақ және басқа түркі тілдері, орыс және ағылшын тілдері.

Қатысу үшін:

·                     2026 жылғы 1 сәуірге дейін келесі сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://forms.gle/ZRtjyzzTvQmCXTT29;

·                     2026 жылғы 1 сәуірге дейін көлемі 1000 таңбадан аспайтын тезистерді электронды мекенжайға жіберу қажет: turkology.ri@gmail.com.

 

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың баяндамаларынан құрастырылған ұжымдық монография шығару жоспарлануда.
Мақалаларды рәсімдеу ережелері мен тапсыру мерзімдері туралы қосымша хатта хабарланады.
Конференцияның ұйымдастыру комитеті жарияланымға ұсынылған материалдарды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.

 

Өтінім үлгісі

1.                 Тегі, аты, әкесінің аты

2.                 Ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы

3.                 Жұмыс (немесе оқу) орны және лауазымы

4.                 Электрондық пошта

5.                 Баяндама тақырыбы

6.                 Ғылыми қызығушылық саласы

 

Тезис үлгісі

·                     БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ

·                     Қатысушының толық аты-жөні, мекеме, мекеменің мекенжайы, e-mail, телефон

·                     Тезис мәтіні (көлемі 1000 таңбадан аспауы тиіс).

 

Конференцияға қатысушылардың іссапар шығындары жолдаушы тарап есебінен өтеледі.

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды turkology.ri@gmail.com мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз.

 

 

Құрметпен,
Ұйымдастыру комитеті