Мақсат – жаңа буын зерттеушілерін қалыптастыруFarabi University

Мақсат – жаңа буын зерттеушілерін қалыптастыру

10 наурыз, 2026

Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің жасанды интеллект пен цифрлық транс­фор­мацияны дамыту жөніндегі тапсырма­ла­ры аясында Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафе­дра­сының ұйымдас­тыруы­мен «Білім беру сала­сын­дағы жасанды интеллект: мүмкін­діктері мен келешегі» тақырыбында халық­аралық деңгейдегі қысқы мектеп өтті. Іс-шара гибридтік форматта Алматы қаласындағы Аюсай шатқалында орналас­қан TAU HUB коворкинг орталығында ұйым­дастырылды.

Қысқы мектептің өтуіне Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қорқыт Ата атындағы Қы­зыл­орда университеті, Қа­­зақ ұлттық қыздар пе­да­го­гикалық универ­ситеті, сон­дай-ақ халықаралық се­ріктес LUPIC жобасы ая­сындағы SeoulTech уни­вер­ситеті (Корея Республикасы) қатысты. Сонымен қатар Өзбекстан және Қырғызстан университеттерінен онлайн форматта қосылған се­рік­тес­терді қоса алғанда, іс-шараға 50-ге жуық қа­ты­су­шы жиналды.
Қысқы мектептің негізгі мақсаты – қатысушылардың пәнаралық зерттеу құзы­рет­терін дамыту, химия са­ла­сына деректер ғылымы мен жасанды интеллект құ­ралдарын енгізу арқылы жаңа буын зерттеушілерін қалыптастыру, сондай-ақ уни­верситеттер ара­сын­да­ғы ғылыми-білім беру ын­ты­мақ­тастығын нығайту бол­ды.
Іс-шара бағдарламасы бірнеше мазмұнды бағыт­тар­ды қамтыды. Атап айт­қан­да: Data-Driven Science ая­сында химия мен эко­ло­гия саласындағы дерек­тер­ді талдау және модельдеу, зерттеушілерге арналған AI/LLM құралдарын қол­да­ну, үлкен деректер мен суперкомпьютерлік есеп­теу­­­лер мәдениеті, сондай-ақ химияны оқытудағы білім беру инновациялары мен кері байланыс мәдениетін жетілдіру мәселелері қа­рас­­тырылды. Сонымен қа­тар Chemistry және AI ба­ғы­тын­дағы бірлескен пи­лоттық жобалар мен зерттеу интен­сив­теріне ерекше назар ау­дарылды.
Қысқы мектептің моде­ра­торы Асхат Елтаев іс-ша­раны ашып, LUPIC жоба­сы­ның мақсаты мен демеушілік қолдауы туралы таныс­тыр­ды. Бірінші сессия «Химия және қоршаған ортадағы Data-Driven Science» тақы­ры­бына арналды. Бұл сес­сияда SeoulTech уни­вер­си­тетінің профессоры Хи Джи Пак «SeoulTech-та робо­то­техника және жасанды ин­теллект зерттеулері: бүгінгі бағыттар» тақырыбында баян­­дама жасады. Сондай-ақ профессор Нұрбол Аппа­зов «Химиялық технология мен экологиядағы Data-Driven Science парадиг­ма­сы» туралы сөз қозғап, Нұр­лан Құлмырзаев «Қор­қыт Ата университетінің ғылы­ми-зерттеу экожүйе­сі­не жа­санды интеллектіні ин­тег­ра­циялау» жолдарын ұсын­­­д­ы. Ал Жанарыс Тү­бек­баев «Ғалымдарға арналған жасанды интеллект құрал­да­рына» тоқталды.
Екінші сессия «Жасанды интеллект және озық де­рек­тер талдауы» тақырыбында өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жасанды интеллект және Big Data кафе­дра­сы­ның меңгерушісі, про­фес­сор Мәдина Мансұрова «Ірі тілдік модельдердің білім берудегі шешім қабылдауды қалай жеңілдететіні» туралы баяндады. «Astrophysics in Data Science» орталығының директоры, PhD Алдияр Аги­­шев «Астрофизикалық есептерге арналған су­пер­компьютерлік шешімдерге» тоқталды. Сонымен қатар кафедра оқытушысы Қанат Амантайұлы «Универ­си­тет­тік химияны оқытуда жа­сан­ды интеллект пен ма­ши­­налық оқытуды қол­­данудың практикалық, педа­гоги­ка­лық қырларын көрсетті. Ма­гистрант Рамазан Қаж­ден­беков «Оқу және ғы­лы­ми-зерттеу үдері­сін­дегі жа­санды интеллектінің рөлі» туралы баяндама жасады.
Қысқы мектептің үшінші сес­сиясы панельдік тал­қы­лау форматында өтіп, «Жа­сан­ды интеллект – химия, білім беру және пәнаралық зерттеулер болашағының катализаторы» тақырыбына арналды. Қазақ ұлттық қыз­дар педагогикалық уни­вер­ситетінің өкілдері – PhD Мей­рам Атаманов «Хи­мия­дағы жасанды интеллект: болжаудан – автономды ашы­лымға дейін» және PhD Бағдара Мұқатай «Қазақ­стан­дық контекстегі кері бай­ланыс мәдениеті: ЖИ қолдайтын кері байланысты интеграциялау» тақырып­та­рында мазмұнды баян­да­ма­лар жасады.
Іс-шара барысында қа­ты­сушылар білім беру са­ла­сындағы заманауи жасанды ин­теллект технологиялары, халықаралық тәжірибе мен үздік практикалар, сондай-ақ оқыту үдерісін цифрлық трансформациялау перс­пек­­тивалары жөнінде кеңі­нен пікір алысты. Өзекті мә­селелер бойынша терең әрі жан-жақты талқылаулар жүр­гізілді.
Факультет деканы Мөл­дір Әкімжанқызы мен ка­фе­дра меңгерушісі Ермек Айт­қа­зыұлы халықаралық қыс­қы мектеп білім беру са­­ласындағы цифрлық құзы­рет­терді дамытуға, инно­ва­циялық тәсілдерді енгізуге және академиялық ын­ты­мақ­тастықты кеңейтуге ба­ғытталған тиімді алаңға ай­налғанын және аталған іс-шара елімізде жасанды ин­теллект пен цифрлық тех­но­логияларды дамытуға ба­сымдық берілген страте­гия­­лық міндеттермен үн­де­сіп, білім беру жүйесінің са­пасын арттыруға және ада­­­ми капиталды дамытуға елеулі үлес қосқанын айтып қорытындылады. 

Гүлбану ЖАҚСЫЛЫҚОВА,
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті