Қыз – ұлттың ұяты, халықтың шырайы
2026 жылғы 17 наурызда орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары Саньярова Н.С. мен Қайырбек М.Н. «Экология» және «Биология» мамандықтары бойынша білім алып жатқан 1-курс студенттерімен бірге Тұрақты даму мақсаттарының №5 – «Гендерлік теңдік» бағыты аясында «Қыз – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – қазақ қоғамындағы әйелдің рөлін, оның дәстүрді сақтаудағы және қазіргі қоғамды дамытудағы маңызын талқылау болды. Модератор өз сөзінде қазақ әйелінің бейнесі ғасырлар бойы қалыптасып, халық өмірінде әрқашан ерекше орын алғанын атап өтті. Әйел адам отбасының ұйытқысы, бала тәрбиелеуші, дана кеңесші әрі қоғамның құрметті мүшесі ретінде танылған.
Іс-шара барысында студенттер тарихта ерекше орын алатын көрнекті әйелдер туралы қысқаша баяндамалар жасады: Томирис, Домалақ ана, Хиуаз Доспанова, Фариза Оңғарсынова, Салтанат Байқошқарова. Олардың өмір жолы рух күшінің, даналықтың және өз халқына деген адалдықтың жарқын үлгісі екені атап өтілді.
Сонымен қатар қазіргі Қазақстандағы әйелдің рөліне ерекше назар аударылды. Бүгінде әйелдер ғылымда, білім беруде, кәсіпкерлікте, қоғамдық және мемлекеттік қызметте белсенді еңбек етіп келеді. Қазіргі қазақ қызы білім алуға, кәсіби дамуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады, сонымен қатар ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды құрметтейді.
Іс-шараның интерактивті бөлімі топтық талқылау форматында өтті. Студенттер соңғы онжылдықтарда әйелдің рөлі өзгерді ме, дәстүрлі құндылықтар мен мансапты қатар алып жүру мүмкін бе, сондай-ақ қазіргі әйел заты үшін қандай қасиеттер маңызды деген мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Қатысушылар бүгінгі күні білімділік, жауапкершілік, дәстүрге құрмет және дамуға ұмтылыс ерекше маңызды деген қорытындыға келді.
Іс-шара соңында студенттер қазақ әйелінің бейнесіне байланысты даналық, сабырлық, күш-қайрат, қамқорлық және білімділік секілді ассоциацияларды атады.
Қорытындылай келе, оқытушылар қазақ қоғамында әйелдің рөлі әрқашан маңызды болғанын, бүгінде әйел қоғам өмірінің барлық саласында белсенділік танытып, халықтың рухани және мәдени құндылықтарын сақтауға үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Іс-шара студенттер мен оқытушылар арасындағы ашық диалог алаңына айналып, қоғамдағы әйелдің рөліне деген құрметті көзқарастың қалыптасуына ықпал етті.
Саньярова Н.С.
Қайырбек М.Н.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Басқа жаңалықтар